| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
28 қазаннан бастап магистратура мен докторантураға түсуге ниеттілерден өтініштер қабылданады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тіркеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн форматта жүргізіледі.
Шығармашылық дайындықты қажет ететін бейінді магистратура бағдарламаларына құжаттар 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары оқу орындарында қабылданады.
Сондай-ақ, докторантураға түсу емтиханына өтініш беру осы мерзім ішінде жалғасады. Үміткерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді және шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттарды тапсыруы қажет.