Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды

10.06.2022
1 мин
15
13696

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленген жарналар мен аударымдар Ұлттық банктің арнайы шотына түседі. Олардың көп бөлігі шамамен 11 млн адам үшін мемлекет тарапынан төленетін ай сайынғы жарналарға жұмсалады. 2022 жылы жеңілдік санатындағы бір адамға мемлекет ай сайын 3 621 теңге жарна төлейді. Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңілдікке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді:

1) 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куәлігі табысталған яғни жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілген уақыттан бастап «сақтандырылған» болып саналады.

2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет.

3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік санатына ену үшін әйел тіркелген емханада жүктілігі бойынша уақытылы есепке тұруы тиіс. Соңғы 2 айда ол үшін зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және өз қызметін тоқтатпаған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс істейтін болып саналады және жеңілдік санатына енгізілмейді.

4) Үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін тұлға. Бұл санаттағылар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады, бірақ ресми түрде жұмыс істемеуі және де олардың атына соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жасалмаған болуы керек.

5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы тұлға. Олар демалысқа ресми түрде шыққан кезде «сақтандырылған» мәртебесін алады.

6) Мүгедек баланы күтіп-бағатын жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері дерекқорға енгізіледі. Кейін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін иеленеді.

7) Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам. Мүмкіндігі шектеулі жанның тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері дерекқорға енгізіледі. Ізінше «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

8) Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақтандырылғандардың тізіміне Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала алмайды.

9) Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның деректерін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.

10) Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағы жандар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.

11) Жұмыс істемейтін қандастар. «Қандас» куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде жеңілдік санатына енгізіледі.

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады.

13) Мүгедектер. Ресми құжаты шыққан кезде, мәртебе автоматты түрде беріледі.

14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын тұлғалар. Қазақстанда оқитын студенттер жеңілдетілген санатқа автоматты түрде қосылады.

Бұл жерде шетелдік оқу орындарында күндіз оқитын қазақстандық студенттер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек. Олар  egov.kz  электрондық үкімет порталындағы сервисті пайдалана отырып, жүйеде өз бетінше тіркелуі қажет. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек: 

✅ Іздеу жолағына «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» деп теру;

✅ Ашылған терезеде өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру;

✅ Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою;

✅ Көп жағдайда сақтандырудың жеңілдік мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі;

✅ Егер сақтандырудың жеңілдік мәртебесін беру көрсетілген мерзімнің  ішінде  жүзеге асырылмаса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласу қажет.

Студент әрбір семестр аяқталғаннан кейін сақтандырылу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қажет екендігін есінде ұстағаны дұрыс. Өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.

15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Әлеуметтік төлем тағайындалған кезде «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

Егер сіз осы 15 санаттың біріне кірсеңіз, бірақ «сақтандырылмаған» болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралардан соң сізге «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі беріледі және сіз үшін мемлекет жарна төлейді.

Азаматтар үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot жұмыс істейді. Дәл осы байланыс арналары сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС үшін аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
869 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
15 Пікір
Г
Гульгана 16.06.2022
Мысалы : мен жұмыс істемеймін ,бірақ ЕСП төлеймін, үйімде Енем күміс алқа, алтын алқа иегері.Тыл. ардагері. 90-нан асты Күйеуім 2 топ мүгедегі ,сонда мен қалай жұмыс істеймін .Менің айтайын дегенім ЕСП төлемесен дәрі де бермейді ж/е қарамайды да .Салғырт қарайды МӘМС не үшін керек тиімсіз бұл осыны қарастырып қайта қарау керек сияқты
Жауап беру
Ә
Әлия 14.06.2022
Ерекше балам балам бар, бірақ жұмыс стеймін мәмс ұсталынады жұмыстан, заңдыма?
Жауап беру
Ш
Шара 14.06.2022
Биздин елимизде барлык халык ушин жасалатын жагдайлар тек кагаз жузинде жузеге асырылады Шындыгында еш халыкка пайдасы тимейди егер тисе мын адамнын Бир екеуи илине алады сонымен битеди окиништи. Кашан Оз халкына курметпен, адилдикпен Бет буратын укимет болады екен Ширкин
Жауап беру
Б
Бактияр 11.06.2022
Барлық медициналық көмек тегін көрсетіледі егер ПОКАЗАНИЕ болса!!!
Жауап беру
Л
Ләззат 11.06.2022
Осмс халыкка кажети жок программа, халыкты жеу, 2%деген кайда жатыр, жылына 1отетин санитарныйды акылы отемиз, не маскара, кайда тусип жатыр ол акшага не жасалып жатыр, халыкка есеп берилсин.
Жауап беру
Б
Багила 11.06.2022
Қымбат қой еще ким шығарған қайдам бари бир ақылы отип жатырмыз Частный барып халықты қанау бұл айына 500тенге ози көп себеби бари бир биликти билимди маман жоқтың қасы
Жауап беру
Ж
Жазира 11.06.2022
Еш уақытта үкімет өз халқына жаны ашымаған, үш баламен жесірлер ше.ұрпақтарың жесірдің күнін кешсе көрер ем
Жауап беру
Ж
Жанар 11.06.2022
Кызык соны толеп отсакта емхана акылы анализ тексерулерге жибереди гой не ушин толимиз димда
Жауап беру
Г
Гули 10.06.2022
Сонда турмеде отыргандарга женилдик бар екенда, неге жалгыз басты ана жалгыз басты акелерге женилдик жок, кызык осылар тан калам мен
Жауап беру
Т
Толғанай 10.06.2022
Тіс емдеу тегін болама 3жасқа толмаған баламен үйде отырмын
Жауап беру
Т
Толғанай 10.06.2022
Тіс емдеу тегін болама 3жасқа толмаған баламен үйде отырмын
Жауап беру
Р
Раиса 10.06.2022
Мэмстің пайдасын көрмедік. Екі қаралуға мәжбүр болдым. Екеуінде де ақшамен қаралуға мәжбүр болдым. Қалай пайдаланкға болады? Хотя айына 7—8 төлейміз
Жауап беру
Қ
Қуаныш @quanysh_ualikhanova 10.06.2022
Анализдеріңізді договорга тұрған мекемелерге направление алып, тегін тапсыра аласыз✔️ Қарала аласыз
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл