| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдап, мемлекеттік қызметшілер үшін бірқатар әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер енгізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге келесі жаңалықтар қолжетімді болады:
Жалақыны индекстеу – әр кемінде үш жылда бір рет.
Үстеме жұмыс және мереке күндері – қосымша төлемдер.
25 жылдан астам тәжірибесі бар қызметкерлерге – зейнетке шығу кезінде 4 лауазымдық жалақы көлемінде біржолғы сыйақы.
Қызмет орнын ауыстырған кезде – көтерме жәрдемақы және мүлікті тасымалдауға өтемақы.
Балалардың балабақшаға кезексіз қабылдануы.
Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті – 8 сағат, аптасына – 40 сағат.
І және ІІ топтағы мүгедектер – аптасына 36 сағат.
Жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналар, науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтындар – толық емес жұмыс уақыты.
Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайын жақсартуға және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге бағытталған.