Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламенті сенаты отырысында Қаржы министрі – Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді.
Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.
«Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Премьер-министрден оның қанша жалақы алатыны да сұралды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы соманы жариялайтынын айтты.
«Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын… Дәл қазір нақты айта алмаймын», – деді Ерұлан Жамаубаев.