Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министрлік оқытушылардың есеп беру құжаттарының бірқатарын қысқартты
Жаңалықтар

Министрлік оқытушылардың есеп беру құжаттарының бірқатарын қысқартты

08.04.2022
1 мин
0
1766

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына министрлік күшін жойған есеп берудің қағаз түріндегі жеке түрлерін жасамай, жұмыс үрдісін цифрлық жүйеге толық көшуді ұсынады..

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының есеп беру құжаттарының тізімі қысқартылды.

Осылайша 11 есеп бланкілері қысқартылды. Оның ішінде студенттердің есеп кітапшалары, әртүрлі қағаз түріндегі бағалық дәптер және тағы басқалары бар, - дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Министрлік ЖОО-лардың есеп беру құжаттарының бірқатарын қысқартты:

  • Оқытушылардың әр айдағы сабақ беру уақытының жазбасы (сағатпен және (немесе) кредитпен).

  • Оқытушылардың жыл бойына сабақ берген уақытының жазбасы (сағатпен және (немесе) кредитпен).

  • Емтихан парағы (оқушыларды аралық аттестаттау үшін).

  • Студенттерді қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.

  • Білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын (жеке) тапсырғаны туралы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы.

  • Біліктілік беру бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (жиынтық).

  • Студенттің бітіру жұмысын (дипломдық жұмыс жобасын (жұмысын)) қарау үшін қорытынды аттестацияны өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.

  • Емтихан парағы.

  • Кафедраның жұмыс жоспары.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл