| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда тұтынушылық несиелерге жаңа ережелер енгізіледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, енді банктер тек сандарға емес, қарыз алушылармен сапалы жұмысқа басымдық беруі тиіс.
- Банк сандарға ғана сүйенбейді, сонымен қатар қарыз алушылармен сапалы жұмыс жүргізуге міндетті. Банктерде қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа бөлімдер құрылады. Олар клиенттердің өтініштерімен жұмыс істейді, жосықсыз практикаларды жоюға бағытталған нормалар енгізілген, – деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, бірыңғай банк және қаржы омбудсмені институттары да құрылады. Бұл жүйе азаматтардың құқықтарын қорғауға және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.