| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл алғаш рет түркі әліпбиімен ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» мен белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармалары баспаға шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ортақ түркі әліпбиін жасауға арналған комиссия 2022 жылы құрылып, 2023 жылы Бакуде 34 әріптен тұратын нұсқасы ұсынылды.
Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев атап өткендей, ортақ әліпби – түркі халықтарының мәдени және рухани бірлігін нығайтудағы маңызды қадам.
- Биыл алғашқы екі кітапты ортақ әліпбимен жарыққа шығардық. Алдағы уақытта өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі еңбектерді де осы әліпбимен жариялауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Жаңа әліпбимен жарық көрген шығармалар оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудыратыны анық. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам тек тілдік бірлікті нығайтып қана қоймай, жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен әдебиетке жақындатудың тиімді құралы болады.
