Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Атырау облысы және Шымкент қаласының әкімдерін тағайындады
Жаңалықтар

Президент Атырау облысы және Шымкент қаласының әкімдерін тағайындады

01.12.2022
1 мин
0
1396

Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысы әкімінің лауазымына Серік Шәпкенов және Шымкент қаласының әкімі қызметіне Мұрат Әйтенов тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне лауазымына тағайындалсын. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын”, – делінген хабарламада. 

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бері - Шымкент қаласының әкімі.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов - мемлекет қайраткері. 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, экономист-математик.

2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.

2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.

2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары

2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл