Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жайлы заңға қол қойды
Жаңалықтар

Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жайлы заңға қол қойды

27.06.2022
1 мин
13
1582

Бұл заң мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау саласында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені шешуге арналған.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заңға сәйкес есту қабілеті төмен адамдар сотта ымдау тілі маманының қызметтерін тегін пайдалана алады.

Сондай-ақ сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік туады. Ал мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдар бар азаматтарға өтеусіз заң көмегі көрсетіледі. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға министрлердің, аудан, қала, облыстық маңызы бар қала, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет беріледі.

Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау күшейтіледі.

«Осы заң мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау саласында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені шешуге арналған. Сондай-ақ бұл бағыттағы әлеуметтік саясатты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздейді. Кедергісіз орта қалыптастыруға арналған ережелер де назардан тыс қалған жоқ. Алдағы уақытта бұл заң мүгедектігі бар адамдардың құқығын тиімді қамтамасыз етуге тың серпін береді деп сенеміз. Сенаторлар аталған бағытты үнемі назарда ұстап, тиісті заңнамалық жұмысты әрі қарай жалғастыра береді», - деді маусым айында Сенат отырысындағы аталған заң жобасының талқысында Мәулен Әшімбаев.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
13 Пікір
А
Актолкын 29.06.2022
Ис жузинде иске аса болса болдыгой енди
Жауап беру
И
Индира 28.06.2022
Үй кезегінде тұрған мүгедек бала асыраушы отбасыларға үй берілсін. Үйдің 80-90 пайызы тек көп балалыларға гана беріледі
Жауап беру
Б
Бекова 28.06.2022
Жумыска алсын сал болсада пенсяга Карабах омыр сурмеймыз
Жауап беру
Б
Бекова 28.06.2022
Жаксы болатын еды мугедек жандарга комик берсе
Жауап беру
С
Сара 28.06.2022
Мүгедектігі бар бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын, сағаттап диализ апаратында, жатады. Бүйрек ауыстыру жағын қолға алсын.
Жауап беру
П
Перизат 28.06.2022
Мүгедектігі бар балаларды курорт санаторияға қайтадан тегін жіберсе екен. Жылына бір рет барғанның өзі бізге көмек еді.
Жауап беру
М
Маржан 28.06.2022
Камауда отырган инвалидтерди босату туралы зан шыкса екен. Турмеде еш медициналык комексиз алеуметтик комексиз киналып каншама бауырларымыз отыр.
Жауап беру
М
Маржан 28.06.2022
Камауда отырган инвалидтерди босату туралы зан шыкса екен. Турмеде еш медициналык комексиз алеуметтик комексиз киналып каншама бауырларымыз отыр.
Жауап беру
А
Айнур 28.06.2022
Сотта есту кабилетинен аиырлган адамдар не истиди.тусиниксиз.мумкиндиги шектеули жандардын жәрдем акысын кобеиту керек.олар жумыс жасаи алмаиды.2топ мугедектикке берилетин жәрдем акы ештенеге жетпеиди
Жауап беру
Т
Тамара 28.06.2022
осыма тек пайдасы мүгедектерге 3 топтағы мүгедектерді еш жерге жұмысқа алмайды
Жауап беру
Ж
Жәнібек 28.06.2022
Өндірістік жарақат алғандарға еш пайдасы жоқ бұл қосымшалар нақты қолдау керек мен сияқты өндірістік жарақат алған жандарға.
Жауап беру
С
Сабит 28.06.2022
Канша жыл болды санатория баралмай журмиз тегин
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл