Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

15.01.2024
1 мин
0
255
Коллаж: dauletten.kz

Нысана көздеу: Бұл күндері Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасына екі жолдама және Сары құрлық біріншілігінің 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медалін жеңіп алды.


Жерлестерімізден 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Александра Ле мен жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин Олимпиада жолдамасына қол жеткізсе, Н.Чирюкин өз бағдарламасында бас жүлде олжалады.  


Сонымен қатар винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай), Александра Ле қола жүлде иеленді (618,4 ұпай). Дәл осы бағдарламада Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді. Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Ұлттық құрама 2-орын алды. Қазір Ұлттық құрама еншісінде Олимпиаданың 5 жолдамасы бар. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.
Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Күрес: Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өткен халықаралық Zagreb Open рейтингтік турнирінде жерлестеріміз бір күміс медаль жеңіп алды. Еркін күрес бәсекесінде белдескен Азамат Дәулетбеков (86 кг) іріктеу кезеңінде үндістандық Депак Фуния, украиналық Валентин Баби, грузиялық Евсем Швелидзені, жартылай финалда израильдік Филип Файнсилберді жеңгенімен, финалда Болгария балуаны Магомед Рамазановтан жеңіліп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Шайбалы хоккей: Құрлықтық кубок ойындарында бақ сынаған еліміздің «Номад» командасы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Жерлестеріміз аталған жарыста «Кардифф Девилз» (Уэльс), «Катовице» (Польша) мен «Хернинг Блю Фокс» (Дании) клубтарымен шеберлік байқасты.
Айта кетейік, бұл турнирде ел командасы екінші рет топ жарып отыр. Бұған дейін Көкшетаудың «Арланы» 2019 жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған болатын.

Пара таеквондо: Паралимпиаданың квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Нұрлан Домбаев, +80 кг салмақта Нышан Өмірәлі және -57 кг салмақта Кәмила Досмалова биыл Парижде өтетін Паралимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Велоспорт: Аустралияның Балларат қаласында өткен велоспорттан әлемдік Virtus Cycling World Series 2024 додасында отандасымыз Дастан Ордабай екі түрлі қашықтықта 2 алтын медаль жеңіп алды. Аутистік спектр ерекшелігі бар параатлет Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санат бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке уақытқа жарыста және 5,5 км қашықтық критериум бәсекесінде алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл