Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда әскерден қашқандарға қандай шара қолданылады?
Жаңалықтар

Қазақстанда әскерден қашқандарға қандай шара қолданылады?

17.10.2022
2 мин
1
1780

Елімізде әскерге барудан қашқандарды ҚР Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп 1-ден 6 жылға дейін соттау ұсынылды.


Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы Бауыржан Есенеев қалада әскери есепте 8 711 адамның тұрғанын, олардың тек 518-і ғана биыл әскер қатарына алынатынын айтты. Қалғандары отбасылық жағдайға, оқуына, мұғалім болуына байланысты, денсаулығына қатысты уақытша босатылған. Дегенмен әскерге баруға тиісті 510 азаматтың өзін мамандарға табуу қиындыққа түсіп жатыр екен.


"Әскерге шақыру науқанын өткізуде ең бастысы мәселе азаматтардың тұрақты жүрген жерін анықтау. Бізде әскери есепте тұрғандардың тұрғылықты жері мен уақытша мекен жайы халыққа қызмет көрсету орталығының электронды базасы арқылы нақтыланады. Алайда олар көрсетілген мекенжайларында тұрмауы мүмкін. Тағы 180 адам Қазастан аумағынан шығып кеткен. Бұл ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті шекара қызметінің берген мәліметі", - деді Бауыржан Есенеев.


Маман әскерге шақырылушылардың бөлімге келуге мәжбүрлейтін заңды тетіктер болмағандықтан нормативті-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынбақ.


“ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Әскери қызметтен өтуге бас тартқандарға, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу талап етіледі. Ал әскерге бармау үшін жалған сырқаттанғандар мен өзіне-өзі жарақат салатындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне бірнеше рет келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз", - деп қосты басқарма басшысы. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Акзипа Дабылкызы 18.10.2022
Ол дурыс емес Аскерде тартипти катаитып кадагалау керек Тек министирдин балдары бармай калады баягы кара халыктын балалары барып ауру болып жатыр. Аскерге бармаган баланы еш жерге жумыска алмау керек.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл