| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру шарттарын өзгерту мәселесі қаралып жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елімізде жеңілдікпен берілетін баспанаға кезекке тұру талаптарын қайта қарау ұсынылды. Қазіргі ережеге сәйкес, азаматтар белгілі бір елдімекенде кемінде үш жыл тіркеуде болуы тиіс.
Алматы қаласының әкімдігі бұл мерзімді 10 жылға дейін ұзартуды ұсынған. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мұндай өзгерісті орынсыз деп санайды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, талаптарды шамадан тыс қатаңдату азаматтардың мемлекеттік қолдауға қол жеткізу мүмкіндігін шектеуі мүмкін.
Сонымен қатар тұрғын үйі жоқ болу мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту туралы ұсыныс та қолдау таппаған. Қазіргі бес жылдық талап жеткілікті деп бағаланған.
Дегенмен тіркеу мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ұсынылған.
Сондай-ақ толық емес отбасыларға қатысты талаптарды өзгерту жөніндегі ұсыныстар да мақұлданбады.