Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жұмыстағы харассмент үшін жаза енгізілмек
Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыстағы харассмент үшін жаза енгізілмек

24.04.2025
1 мин
0
1243
Сурет: depositphotos

Қазақстанда жұмыс орнындағы харассментке байланысты жауапкершілік енгізілмек. Бұл мақсатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа құжатта жұмыс орнындағы жыныстық қысым мәселесі арнайы қарастырылмақ. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қызметкерлердің шамамен 30 пайызы жұмыс барысында әріптестер тарапынан түрлі жағымсыз әрекеттерге тап болған. Алайда қазіргі уақытта мұндай жағдайларда шағымдану және қорғану тетіктері нақты белгіленбеген.

Айта кету керек, Қазақстан әлі күнге дейін халықаралық еңбек ұйымының қызметкерлерді зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғауға бағытталған №190 конвенциясын ратификацияламаған. Ал көптеген елдерде (Франция, Канада, Оңтүстік Корея) мұндай құқықбұзушылықтар бойынша ішкі бақылау тетіктері мен санкциялар қарастырылған.

Ұсынылған заң жобасында қолданыстағы Еңбек кодексінің жұмысшыларды зорлық-зомбылықтан толықтай қорғай алмайтыны айтылған. Құжат авторларының пікірінше, заңнамаға енгізілетін өзгерістер жұмыс берушілерді қудалау фактілеріне бейжай қарамауға және ішкі тексеру рәсімдерін енгізуге міндеттейді. Сонымен қатар, бұл қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қосымша кепілдік болмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл