| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласындағы Медеу және Наурызбай аудандарының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларынан құралған OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстан атынан алғаш рет қатысқан команда Best Newcomer Award («Үздік жаңа команда») номинациясы бойынша үздік бес үміткердің қатарына енді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлемдік финалға 36 елден 91 команда қатысты. OGMA Racing командасының құрамында Жасмин Әбділдә, Азамат Аймұратов, Анастасия Цой, Әділжан Арыстанбек, Дамир Фазылов, Алихан Қалихан, Жәңгір Елемес және Ибраһим Мұқан болды. Команданы NIS-тегі «Технотория» инженерлік зертханасының меңгерушісі Дулат Байтүленов дайындады.

STEM Racing – оқушылардың инженерлік және технологиялық қабілеттерін дамытуға бағытталған халықаралық жарыс. Қатысушылар «Формула-1» болидтерінің шағын үлгілерін жобалап, құрастырады және олардың жылдамдығын арнайы трассада сынайды. Жарыс барысында командалардың инженерлік шешімдері, жобаларды басқару дағдылары мен таныстырылымдары да бағаланады.

Халықаралық жарыс аясында OGMA Racing мүшелері өз жобаларын сарапшылар алдында қорғап, инженерлік әзірлемелері мен командалық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар түрлі елдерден келген жас инженерлермен тәжірибе алмасты.
OGMA Racing командасының нәтижесі қазақстандық оқушылардың инженерия мен технология саласындағы әлеуетін танытып, еліміздегі STEM-білім берудің халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерін көрсетті.
