440.86
500.77
5.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рецептсіз дәрі сатқан дәріханалар әшкереленді: 28 мың препараттың айналымы тоқтатылды
Жаңалықтар

Рецептсіз дәрі сатқан дәріханалар әшкереленді: 28 мың препараттың айналымы тоқтатылды

30.09.2026
мин
0
129
Сурет: depositphotos.com

Жыл басынан бері ІІМ денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, азаматтардың денсаулығын қорғауға және құрамында психотроптық, күшті әсер ететін заттар бар дәрілік препараттардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын тоқсан сайын өткізіп келеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында кейбір дәріхана қызметкерлері, сондай-ақ фармацевтикалық қызметке қатысы жоқ өзге де тұлғалар тарапынан мұндай препараттарды дәрігердің рецептісінсіз сату фактілері анықталуда. Аталған препараттардың кәмелетке толмағандарға сатылуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Мұндай дәрілік заттар тек дәрігердің рецептісі бойынша берілуі тиіс. Өйткені оларды бақылаусыз қолдану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Операцияның кезекті кезеңі 21-25 қыркүйек аралығында өткізілді. Іс-шара барысында 1500-ден астам медициналық мекеме мен дәріхана, сондай-ақ 142 кәсіпорын тексерілді. 249 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Құрамында есірткі заттары бар 28 мың дәрілік препараттың айналымы шектелді. Сонымен қатар химиялық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатыр. 675 тонна түрлі прекурсордың айналымы шектеліп, 90 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Петропавлда жүзуден жаттықтырушы ұсталып, одан құрамында күшті әсер ететін заттар бар 56 таблетка тәркіленді.

Түркістандағы дәріханалардың бірінде күшті әсер ететін заттарды лицензиясыз сату фактісі анықталып, 5 мыңнан астам таблетка тәркіленді.

Оралда лицензиялау талаптарын бұзғаны үшін 500 тонна тұз қышқылының айналымы шектелді.

ІІМ денсаулық сақтау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрілік заттардың заңсыз айналымының алдын алуға және азаматтардың, әсіресе жастардың оларды медициналық емес мақсатта тұтынуына жол бермеуге бағытталған жұмысты жалғастырады.

Еске саламыз, биыл 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл