452.59
507.67
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелде жұмыс пен жоғары жалақы уәде етеді: Көші-қон комитеті азаматтарға ескерту жасады
Жаңалықтар

Шетелде жұмыс пен жоғары жалақы уәде етеді: Көші-қон комитеті азаматтарға ескерту жасады

19.10.2026
мин
0
224
Сурет: orda.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шетелге жұмысқа орналастырып, мол табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстар көбейген. Көші-қон комитеті мұндай хабарландырулардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарға жұмыс берушіні тексермей тұрып ақша аудармауға кеңес берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомство мәліметінше, шетелге тез жұмысқа орналастыруға және жоғары табысқа кепілдік беруге уәде ететін хабарландырулардың артында Қазақстанда ресми тіркелмеген делдалдар мен күмәнді ұйымдар болуы ықтимал.

Тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы жұмыс іздеу азаматтардың ақшасынан айырылуына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, шетелде жұмысқа орналасқанда құқықтық кепілдіктердің болмауы еңбек құқықтарының бұзылуына және басқа да қиындықтарға соқтыруы ықтимал.

Комитеттің хабарлауынша, мұндай алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылардың бір бөлігі Қазақстаннан тыс жерде әрекет етеді. Бұл зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауды және күдіктілерді жауапқа тартуды қиындатады.

Шетелде жұмыс іздегенде нені ескеру керек?

Көші-қон комитеті азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу кезінде бірнеше маңызды талапты ескеруді ұсынды.

  • Жұмыс берушіні тексеріңіз. Компания мен делдал ұйымның заңды түрде жұмыс істейтінін анықтаңыз.
  • Еңбек шартын мұқият оқыңыз. Жалақы, жұмыс орны, міндеттер мен еңбек жағдайлары нақты көрсетілуі керек.
  • Құжаттардың заңдылығына көз жеткізіңіз. Виза, жұмыс істеуге рұқсат және басқа да қажетті құжаттардың дұрыс рәсімделгенін тексеріңіз.
  • Алдын ала ақша аудармаңыз. Жұмысқа орналастыру үшін қаражат талап ететін белгісіз тұлғалардың ұсыныстарына сақтықпен қараңыз.
  • Күмәнді уәделерге сенбеңіз. Қысқа уақытта жұмысқа орналастырып, өте жоғары табыс табуға кепілдік беретін хабарландыруларды тексерусіз қабылдамаңыз.

    Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі де шетелде жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынатын күмәнді интернет-хабарландырулардан сақ болу қажеттігін ескерткен болатын.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл