| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Oлар бұрын әкімшілік жауапқа тартылса да, халықты жұмыспен қамту орталығының ұсыныстарына қарамастан жұмысқа орналасудан бас тартқан. Сот бұл борышкерлерді ҚР ҚК 139-бабына сәйкес айыпты деп тауып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
Биыл алимент төлемеген 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, 78 борышкерге айыппұл салынған. Прокурорлық актілердің енгізілуі сот орындаушыларының белсенді жұмыс жасауына септігін тигізуде. Жыл басынан бері алимент өндіру шараларын орындамаған 70-тен астам сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертеді.