Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте «QAMQOR» бағдарламасымен қалай баспаналы болуға болады?
Баспанаға бағыт

Шымкентте «QAMQOR» бағдарламасымен қалай баспаналы болуға болады?

23.08.2023
1 мин
1
2670

Отбасы банк Шымкент қаласы бойынша «Qamqor» бағдарламасымен үйлі болудың негізгі шарттарын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарламаның негізгі шарттары төмендегідей:

Бастапқы жарна: 10%-дан басталады;

Пайыздық мөлшерлеме: 5% (ЖТСМ 5,2% бастап);

Шымкент қаласында орналасқан тұрғын үйлер 
Бастапқы/ қайталама нарықта орналасқан, пайдалануға берілген/салынып жатқан тұрғын үй – «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу арқылы («Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (көп пәтерлі үйдегі пәтер, жер учаскесі бар пәтер), Банк қабылдайтын кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келеді;

Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз* 
* бағдарламаға қатысушы қарыздың ең жоғары сомасы мен таңдалған тұрғын үйдің құны арасындағы айырмашылықты өз бетінше жабады;

Қарыздың ең жоғары сомасы: 20 млн. теңгеге дейін;

Несиенің максималды мерзімі: 25 жылға дейін.

 

Қатысушыға қойылатын талаптар:

Жасы 63 жасқа дейін қоса алғанда (өтініш берген кезде); 

Жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде кәмелетке толғанға дейін алынған жылжымайтын мүліктегі үлесті және бағдарламаға қатысушылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде (өтініш берген кезде) жылжымайтын мүліктің болмауы; 

Шымкент қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеудің болуы; Шымкент қаласында еңбек қызметін келесі санаттар бойынша соңғы 12 айдан кем емес жүзеге асыру: Шымкент қаласының өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері, растайтын құжаттары болуы тиіс (жұмыс орнынан жұмыс өтілі мен лауазымы көрсетілген анықтама); 

Денсаулық сақтау – дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, меджігіттер, санитарлар, Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласының қызметкерлері; 

Білім беру – Шымкент қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, күтушілері, мектептерінің, колледждерінің, ЖОО-ларының, ғылыми-зерттеу институттарының педагогтары, оқытушылары, профессорлары, ғылым докторлары; 

Шығармашылық одақтардың мүшелері, Шымкент қаласының мәдениет саласының қызметкерлері; 

Шымкент қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында спорт саласында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар; 

Тұрғын үй төлемдерін алатын күш құрылымдарының қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттік қалалық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер; 

Шымкент қаласы мекемелерінің энергетика саласының мамандары; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері. Шымкент қаласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі; 

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Айта кетейік, QAMQOR бағдарламасы бойынша несие алушылар үміткерлерінің тізіміне ұпай саны көп қатысушылар енгізіледі. Ұпайларға некеде тұрған жылдар саны, балаларының бар-жоғы, жұмыс өтілі, Шымкентте тұрақты тіркеуде тұру ұзақтығы, Отбасы банкінде депозиттің болуы әсер етеді. Тізім қалыптасқаннан кейін қатысушылар келесі кезеңге, яғни ЖАО тексеруінен өтеді. Әкімдіктен оң жауап алған азаматтар төлем қабілеттілігін растау үшін құжаттар пакетімен (қажетті құжаттар тізімі қатысушының otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі) банк бөлімшесіне жүгінулері қажет. Егер бағдарламаға қатысушы ЖАО тексеруінен кейін теріс жауап алса немесе төлем қабілеттілігін растай алмаса, онда тізімдегі келесі қатысушы жоғары көтеріледі. QAMQOR бағдарламасының қатысушысы өз өтінішінің мәртебесіне қатысты барлық ақпаратты Baspana Market порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетінен көре алады.

1 Пікір
Ф
Феруза 23.08.2023
Біздің мекеме мемлекеттік болсады қатыса алмайсыздар тізімде жоқ деп берді
Жауап беру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл