448.45
501.59
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Такси ақысы үш есеге жуық өскен: inDrive-ке ескерту жасалды
Жаңалықтар

Такси ақысы үш есеге жуық өскен: inDrive-ке ескерту жасалды

13.10.2026
мин
0
124
Сурет: ғаламтордан

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive платформасына алдын ала ескерту жіберді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» қызметінің уақытша істемей қалуынан кейін такси бағасының күрт қымбаттағаны туралы мәліметтер негіз болған. Жекелеген жағдайларда жол ақысы бұрынғы бағадан үш есеге жуық өскен.

Агенттік түсіндіргендей, таксиге сұраныстың күрт артуы мен бос көліктер санының азаюы жүргізушілер ұсынған тарифтердің жоғарылауына ықпал еткен. Осы жағдайдан кейін inDrive комиссия мөлшерін азайтып, баға бойынша келіссөз жүргізуге қатысты белгілі бір шектеулер енгізген.

Уәкілетті органның ескертуі жолаушылардың мүдделерін қорғау және ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында берілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл