448.45
501.59
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Таныстық сайты арқылы ақша бопсалау: Алматыда 4 қылмыстық топ құрықталып, сотталды
Жаңалықтар

Таныстық сайты арқылы ақша бопсалау: Алматыда 4 қылмыстық топ құрықталып, сотталды

13.10.2026
мин
0
90
Сурет: buqara.kz

Алматыда интернет арқылы қызбен танысып, кездесуге барған азаматтарды қорқытып, ақшасын тартып алған бірнеше қылмыстық топ әшкереленді. Жыл басынан бері осындай төрт топтың мүшелері ұсталып, сотталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Интернеттегі таныстық кейде күтпеген қауіпке ұласуы мүмкін. Алматыда қылмыскерлер әлеуметтік желідегі хат алмасуды пайдаланып, азаматтарды кездесуге шақырып, кейін оларды тонаған.

Қылмыстың схемасы қарапайым болған. Интернет арқылы қызбен танысқан жігіт кездесуге келісіп, көрсетілген пәтерге барады. Алайда көп ұзамай сол жерге бірнеше адам келіп, өздерін қыздың ағалары ретінде таныстырады. Олар жәбірленушіні қорқытып, ақша талап етеді. Нәтижесінде кездесуге келген азамат тонаудың құрбанына айналады.

Алматы полициясы мұндай жолмен азаматтарды тонаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті. Жыл басынан бері төрт топ анықталып, олардың мүшелері ұсталып, сот үкімімен жауапқа тартылған.

Дегенмен, құқық қорғау органдары осындай әдіспен жасалатын қылмыстар әлі де тіркеліп жатқанын атап өтті.

Полиция азаматтарды интернет арқылы танысқан адамдармен кездескенде сақ болуға шақырады. Әсіресе, бейтаныс адамның үйіне бару немесе оңаша жерде кездесуге келіскен кезде қауіпсіздікке мән берген жөн.

Күмәнді жағдай туындаса, кездесуді тоқтатып, қауіп төнген жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл