Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаевтың кеңесшісі коронавируспен ауырғандар санын есептеп шығарды
Жаңалықтар

Тоқаевтың кеңесшісі коронавируспен ауырғандар санын есептеп шығарды

19.07.2020
1 мин
0
1118

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов елде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы санын есептеді.

Ол өзінің Facebook парақшасында коронавирус инфекциясына қатысты өз есебін жазды. Олжас Құдайбергенов статистикада коронавирусқа тест тапсырғандар ғана есепке алынғанын, ал науқастардың 85%-ы симптомсыз ауырғанын жазған.

"Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырғандардың ресми статистикасы 67 мыңды көрсетіп отыр, ал пневмониямен ауыратындар саны – 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер пневмонияның таза өсімін алсақ, онда ол шамамен 163 мыңға жуықтайды. Жалпы 67 + 163 = 230 мың адам коронавируспен ауырған. Бұл минимум", - деп жазды Құдайбергенов.
Оның айтуынша, егер өсімді емес, тұтас көрсеткішті алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың адам (коронавирус 67 мың + пневмония 234 мың) коронавируспен ауырған және жазылған деуге болады.   

"Бұл жерде ПТР-тестілеуден өткен, ауруханаға өздері барған адамдарды айтып отырмыз. Әрине, үйінде емделген адамдар бар, бірақ оларға  қатысты қандай сан шығатыны әзірге белгісіз. Ауруханаға індеттің белгілері бар науқастар хабарласқанын, ал 85% симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллионға жуық қазақстандық жазылған немесе ауырып жатыр", - деп болжады Олжас Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмонияның статистикасы бірге есептелетінін мәлімдеді.


 

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл