Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Білімнің жұлдыздары марапатталды
Жаңалықтар

Білімнің жұлдыздары марапатталды

30.05.2024
1 мин
1
420

Астанада «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумы өтті. 

Форумда «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысының иегерлері марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Төлеутайұлы, Гүлдара Алданышқызы, Гауһар Шаймерденқызы, Таңсауле Ғабдыманапұлы, Нұргүл Тау, Айна Ермекқызы, Нартай Аралбайұлы және қоғам белсенділері қатысты.

«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы – «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл үшінші мәрте тағайындалып отыр. 

Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түскен. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз колледж студенті. 

Форум ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұқаев Дәулет Төлеутайұлының құттықтау сөзімен басталды. 

«Құрметті жастар! Бүгін сіздерді елордада көріп отқаныма қуаныштымын. Біздің қор білімді жастарды әрқашан қолдайды. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жоба студенттерге кішкене болса да шабыт берері сөзсіз. Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімді жастарымыз көп болсын», - деді ол құттықтау сөзінде.

Тәжірибе жинап, өзге де жеңімпаздармен танысып-білісу үшін арнайы Алматы қаласынан келдім, дейді Қонаев университетінің 1 курс студенті Тұрлыбек Мейрамбек. 

«Мен бұл шәкіртақы туралы ең алғаш әлеуметтік желіден көрдім. Бағымды сынап көрейін деген мақсатпен бір күнде құжаттарымды жинап, өткіздім. Тестілеуден де сәтті өттім. Бұл жоба маған жаңа таныстық пен орта сыйлады», - деді шәкіртақы иегері.

Елордада бас қосқан жастар ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимараты мен Ұлттық мұражайда экскурсия жасайды. Ал 31 мамыр күні қуғын-сүргін құрабандарын еске алу мақсатында арнайы «Алжир» лагеріне сапар жоспарланған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Назира 31.05.2024
Биздин балдар алған жоқ, бара алмай қалса сонда бермима әттең
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл