Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй жалдау субсидиясына өтініш берушілер қандай қателіктерді жиі қайталайды
Жаңалықтар

Тұрғын үй жалдау субсидиясына өтініш берушілер қандай қателіктерді жиі қайталайды

18.08.2022
1 мин
13
5350

10 тамыздағы дерек бойынша «Отбасы банк» акционерлік қоғамына түскен 30 мың өтініштің 7 мыңы мақұлданған.

10.08.2022 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша «Отбасы банкіне» 30 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың 7 мыңнан астамы мақұлданып, 9 мыңға жуығын банк қарастырып жатыр. 14 630 өтініш түрлі себептермен кері қайтарылған.

Өтініштердің кері қайтарылуына үш негізгі себеп бар.

«Тексеру барысында кері қайтарылған өтініштердің дені – тіркеу кезінде SMS арқылы жіберілген кодты енгізбеген қатысушылар немесе олардың отбасы мүшелері (8 153 өтініш). Субсидия рәсімдеу үшін өтініш берушінің немесе оның отбасы мүшелерінің деректерін өңдеу қажет. Ал ол үшін тіркеу кезінде SMS арқылы жіберілген кодты енгізу арқылы, өзіне қатысты ресми мәліметтерді өңдеуге рұқсат беретінін растауы керек. Мұнсыз субсидия рәсімдеу мүмкін емес. 

Екінші фактор – отбасының әрбір мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болуы. Осындай себеппен 1 608 өтініш кері қайтарылды. Үшінші фактор – өтініш беруші eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын мобильді азаматтар базасынан табылмауы (976 өтініш). 

Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады.

Аталған азаматтар базасына тіркелу үшін жеке куәлік қана қажет. Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі. Ол үшін еGov порталына немесе 1414.kz бірыңғай байланыс орталығының сайтына кіру қажет. Сол жерден оң жақ төменгі бұрышта жасыл түстегі «Виртуалды ассистент» қызметін таңдау керек. Бейнеқоңырау батырмасын басу арқылы интернет-браузер параметрлерінде бейнекамера мен микрофонға рұқсат беру қажет болады. Байланысқа шыққан операторға жеке куәлік көрсету керек. Операторға ЖСН нөмір, телефон нөмірі мен телефонға келіп түскен бір реттік кодты айту қажет.

Сондай-ақ, аталған базаға электронды цифрлық қолтаңба көмегімен еGov порталындағы жеке кабинетке кіріп, «Телефон» деген жерге мобильді телефон нөмірін жазып та тіркелуге болады.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
13 Пікір
А
Анар 25.08.2022
Салып турган дурыс негизи бирак Сол акша жетпеиди
Жауап беру
К
Камшат 24.08.2022
Уй алу керек
Жауап беру
А
Аякоз 24.08.2022
Балаларымның ішіп жеуі,пәтер ақы дегендей,бір айлықпен қалай пәтер аламыз.
Жауап беру
А
Айдарбек 23.08.2022
Депозитке акша салып та ашып та көрген емеспін, баяғы жетпейді
Жауап беру
Л
Ләззат 23.08.2022
Шот аштырғаным болмаса,салуға келгенде жетпей қалады ғой,пәтерақысы,азық түлік,кредит дегендей.... Қайтеміз енді қымбатшылық жайлап алды ғой елімізді
Жауап беру
А
Алия 23.08.2022
Депозитке салуға жалақымнан қалмайды,кредит төлеймін,пәтер жалдаймын
Жауап беру
Б
Болат 21.08.2022
Сенбеймін депозитке , қалай салынған үй ,білмеймінғой
Жауап беру
Б
Болат 21.08.2022
Сенбеймін депозитке , қалай салынған үй ,білмеймінғой
Жауап беру
Н
Насима 21.08.2022
Супсидия үшін далада қалдық. Ешкім келіспейді. Дұрыс ақпарат жоқ. Дипазит қайдан саласын патерде отырсар.
Жауап беру
Б
Балнур 20.08.2022
Тиркелдик енди үй жок .ешкандай хазайкалар келиспейди
Жауап беру
Б
Бакыт Исаноа 20.08.2022
Қандай ақша саламыз.пәтерге толейміз.тамақ қымбат
Жауап беру
Ж
Жанар Ахметова 19.08.2022
Оиибу кайдагы ключ деп удоста ключ карамаиды цон барып шарашдык база істемеиды деп жүресын сандалып екі орта да далбаса
Жауап беру
21.08.2022
Солғой мен бара бара шаршадым 85м бөлінеді деп еді дакументі апарсақ 42м деді. Уй егесі естей салып налог толемеймін сен ушін деді.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл