Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркия: Жер сілкінісі құрбандарының саны 45 мыңнан асты
Жаңалықтар

Түркия: Жер сілкінісі құрбандарының саны 45 мыңнан асты

01.03.2023
1 мин
0
881

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті. Бұл туралы Dauletten.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелген. Қазіргі кезде апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдердің тиісті қызметтерінен 6 368 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жұмысқа 234 мыңнан астам тартылды. Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар. Хабарламаға сәйкес, қалпына келтіру жұмыстарына экскаваторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасушы машиналар, тіркемелерден тұратын 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілгені атап өтілді.

Сонымен қатар 11 провинция мен 332 елді мекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қазақстаннан Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушылары да атсалысты.

Фото: ria.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
294
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл