Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Қаржылық сауат

Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?

05.01.2021
1 мин
20
10892

Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық.  

Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар:

  • тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;
  • тауарды сатып алған күннен бастап 14 күнде қайтару.

Егер тауарда ақау болмай, тұтынушыға оның түсі немесе функционалы ұнамаса, сатушы сатып алушыға тауарды айырбастап немесе ақшасын қайтарып беруге міндетті. Сондай-ақ айырбастайтын тауар болмаса, сатушы күнтізбелік он күнде айырбастап беруіне болады.

Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты. Қолма-қол ақшамен төлесеңіз, тауар ақшасы бірден кассада қайтарылады. Картамен төлеген жағдайда, қаражат белгілі бір уақыттан соң қайта картаңызға түседі. Осы орайда, ескеретін жайт – қайтаратын тауардың қолданылмаған болуы.

Бірақ қайтаруға жатпайтын тауарлар да болады. Олар:

  • дәрі-дәрмектер;
  • шұлық бұйымдары;
  • іш киімдер;
  • метражбен сатылатын тауарлар;
  • өсімдіктер мен жануарлар;
  • ұялы телефондар.

Егер сатушы қайтарып алудан немесе айырбастаудан бас тартса, құқығыңызды қорғау үшін қайда шағымдануға болады?

  • Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне @Kzpp_bot деген Telegram-бот арқылы;
  • Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшысының блогына;
  • Электрондық үкімет порталына;
  • +7 (7172) 75-06-42, 75-16-32, 74-98-32, 74-98-36 жедел нөмірлеріне хабарласып;
  • Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша комитетке хат жолдап;
  • Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша шағымдарды қабылдайтын www.e-tutynushy.kz платформасына.

Есте сақтаңыз!

  • Әсіресе қымбат тауарды сатып алған уақытта өзіңізді тауармен бірге сол дүкенде суретке түсіргеніңіз жөн. Себебі дүкенде суретке түсуге тыйым салынбайды. Ал сіз сол сурет арқылы түбіртекті жоғалтқан немесе түбіртек берілмеген жағдайда дүкеннен тауар алғаныңызды дәлелдей аласыз.
  • Сақтық үшін сатып алған тауар түбіртегін, қаптамасын және құжатын кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанша сақтаған абзал.

Жансая ҚАМБАР

20 Пікір
Н
Назгуль 03.02.2021
оте орынды кенесинизге коп коп рахмет
Жауап беру
А
Акмарал 21.01.2021
Мен балама куртка алғанда, со скидкой деп тұрғанды алғанбын. Төлеген кезде маған айтты со скидкой болған соң, қайтара алмайсыз деп. Тек айырбастауға болады деді. Осы заңды ма? Мен қайтаруға әкелгенде, балама размері келетін бір де киім тауып бере алмады.
Жауап беру
Б
Бақыт 07.01.2021
Сулпактан Каспий банк,онлайн кредитке,кір жуатын автомат машина алды қызым, машина сынақ,есігін жабылмайды,мусор жиналатын жері де ашылған,браковый, звандаса праздик,өздері хабарласады деп уақыт созып тұр,15 күнде өздері курермен әкетіп,кредитін жабу керек иа,сіздер не айтасыздар??
Жауап беру
М
Майра 06.01.2021
Интернет арқылы тауарды тандап, тапсырыс беру барысында ақшаны 100пайз төлеуді талап етеді. Сол интернет магазин не ақшаны не тауар ұсынбаған жағдайда не істеуге болады
Жауап беру
А
Асель 05.01.2021
Мынандай адамдар болады,14 кун телефон устап унамай калса немесе акшасын кайтаргысы келсе,дукенге келип менин 14 куним бар деп айкай шыгаратын.Казир зан в ст. 30 закона "О защите прав потребителей" от 2 апреля 2019 года тиркелген.
Жауап беру
А
Асель 05.01.2021
Мынандай адамдар болады,14 кун телефон устап унамай калса немесе акшасын кайтаргысы келсе,дукенге келип менин 14 куним бар деп айкай шыгаратын.Казир зан в ст. 30 закона "О защите прав потребителей" от 2 апреля 2019 года тиркелген.
Жауап беру
А
Асель 05.01.2021
Мынандай адамдар болады,14 кун телефон устап унамай калса немесе акшасын кайтаргысы келсе,дукенге келип менин 14 куним бар деп айкай шыгаратын.Казир зан в ст. 30 закона "О защите прав потребителей" от 2 апреля 2019 года тиркелген.
Жауап беру
Х
Хатира 05.01.2021
Балакай.деген Сауда орны ештенени кайтарып алмайды.ауыстыруга болады.бирак
Жауап беру
Б
Бақыт 05.01.2021
өте жақсы,енді мына жағдайда не істеу керек?мысалы аламын деп кепілдік үшін төленген ақша ,сол келісілген затты алмағанда қайтарылмайды дейді,сол дұрыс па?
Жауап беру
Н
Назым 05.01.2021
Қымбат киімді алып,этикеткасын алмай бір-екі рет киіп,14 күн ішінде өткізіп кететін"пысықай " тұтынушыларға қарсы заң бар ма екен?! Сондайлар көп қазір, тіпті көптеген ел алдында жүрген атағы дардай адамдар сондай "пысықтыққа" барады екен
Жауап беру
Г
Гульмира 05.01.2021
Мен Сулпактан 20 мыңға тефаль алғанмын. Қайтармады, даже ауыстырмады. Чегім болса да. 1 күннен кейн барғанмын. Істеп тұр бәрі. Болмайды деді.
Жауап беру
Н
Нургуль 05.01.2021
Сулпактан усилитель вайфая алдым,он кун кордим унамады,интернет онша устамаганнан кейн апарып акшамды кайтып алдым.
Жауап беру
У
Улжан 05.01.2021
Sulpaktin ongan zatin kormedim 10,ret sat alsamda
Жауап беру
Г
Гульдана 05.01.2021
Өте дұрыс
Жауап беру
Б
Болдыкыз 04.01.2021
Если жай базардан алган тауар болса ше?! Сатып алушы оны калай далелдей алады?!
Жауап беру
П
Пикир 05.01.2021
ешкалай. Ойткени сизде манызды еки заттын бири жок (тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;)
Жауап беру
05.01.2021
Кайдан алсанызда сиз тубиртек ягни чек сурауыныз керек.Ал сатушы оны беруге миндетти.
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл