461.55
540.38
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Уақтылы төлейтіндерге жеңілдік: Қазақстанда несие шарттары өзгеруі мүмкін
Жаңалықтар

Уақтылы төлейтіндерге жеңілдік: Қазақстанда несие шарттары өзгеруі мүмкін

30.04.2026
мин
3
1256
Сурет: inbusiness.kz

Қазақстанда несиесін уақытында өтейтін азаматтар үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету қарастырылып жатыр. Ал төлем тәртібін бұзатындар үшін талаптар күшейтілуі ықтимал, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов елде халыққа кредит беру мәселесі ұзақ жылдан бері талқыланып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағытта жүйелі өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр.

Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қазақстанда бір азаматтың бірнеше несие алуы жиі кездеседі. Орта есеппен қазақстандықтардың мойнында екі-үш кредиттен бар. Бұл жағдай кредит саясатын қайта қарауды талап етеді.

Осыған байланысты биылғы шілде айынан бастап кредит беру талаптарын күшейту жоспарланған. Дегенмен жаңа талаптар барлық азаматтарға бірдей қолданылмайды.

Қошмамбетовтың айтуынша, несиесін уақытында төлейтін азаматтар үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ал керісінше, төлем тәртібін сақтамайтын қарыз алушылар үшін талаптар қатаңдатылмақ.

Сонымен қатар депутат бұл мәселені тек заңнамалық өзгерістермен шешу жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның пікірінше, қоғамда қаржылық мәдениетті қалыптастыру маңызды.

Ол кей азаматтардың қажетсіз шығындарға, соның ішінде жаңа смартфон сияқты тауарларға несие рәсімдейтінін сынға алып, қаржылық шешімдер саналы түрде қабылдануы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты мектеп қабырғасынан бастап үйрету қажеттігіне назар аударды. Депутаттың сөзінше, әр адам табысынан артық шығын жасамауы керек.

Айтуар Қошмамбетовтің өзі де қажет болған жағдайда несие алатынын айтты. Ол ипотека мен автокөлікке кредит рәсімдегенін, алайда мұндай шешімдерді әрдайым қаржылық мүмкіндігін ескере отырып қабылдайтынын жеткізді.

Жалпы, депутат кредит саясатын жетілдірумен қатар, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Я
Ясмина 30.04.2026
Дұрыс.Каспий кредиттің пайызын мүлде төмендетсе.Ел жетісіп жүргеннеен алмайды,жетпеген соң алады да кредитті.Оның үстіне бірге бір қосып береді пайызын.Алатын жалақыңа шақтап есептеткенде 3-5жыл төлеуге тура келеді.Жылын азайтайын десең,жабатын жалақың жетпейді.Жүресің сосын сорлап бәленбей жыл процентімен төлеп.Қарапайым халықтың қамын ойласаңдаршы бір мезгіл.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді демекші.Елдің бәрі бастықтар,әкім,депутат құсап миллиондап жалақы алмайды.Соны ескерсе.Ең төменгі жалақы 70мың,шиттей бала-шаға асырай ма?Әлде,кредит төлей ме?!Әйтеуір халықты тоңап,жеу жоғарғы жақ.Халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған бастық көрмедім.Бәрі өзгереді орнына отырған соң…
Жауап беру
С
Салтанат 30.04.2026
Я өзгеріс керек кредит аласын пәлен млн аласын и оны оснавной долг 21мын калган 150мынын вознаграждение устайды олай битпимизгой биыл зп баари итак кредитке кетеди
Жауап беру
Г
Гульнара 30.04.2026
Бәсе солай жасаңыздаршы. Всегда төлемей қойған дарға кешірім, банкротства. Кейде салыстырып қарасам сол төлемей қойған таныстардың басым бөлігінің жағдайы меннен жақсы. Біз жүреміз ішпей жемей тиындап жинап, күн санап, ойбай просрочкаға шығып кетпейік деп. Он жылдай болды бір күн просрочкаға шықпаймын. Осылай бір жеңілдік берсеңіздерші хотя бы)
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл