Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк лездік төлемдер жүйесін қолданысқа енгізді
Жаңалықтар

Ұлттық банк лездік төлемдер жүйесін қолданысқа енгізді

20.06.2022
1 мин
0
1126

Қазақстан Ұлттық Банкі әр түрлі банктердің клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін лездік төлемдер жүйесінің жаңғыртылған платформасы өнеркәсіптік қолданысқа берілгенін хабарлады.

«Жүйе қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсететін қандайда бір банкке қарамастан, онлайн қолжетімді болуы үшін және төлем құралдарын пайдаланатын ыңғайлы әрі қарапайым төлем сервисін ұсыну мақсатында әзірленген. Жүйенің функционалдығы ұялы телефон нөмірі арқылы аударымдарды және әртүрлі банктің клиенттері арасында QR-код арқылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЛТЖ қаржы институттары ұсынатын цифрлық қызметтердің ауқымын дамытып, кеңейтуге негіз бола алады», делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сервистерді іске қосу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

  • Бірінші кезең – жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар (P2P-аударымдар);
  • Екінші кезең – QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер (ұлттық QR-код стандартына сәйкес) және сауда ұйымдарының пайдасына жаңа төлем сценарийлерін, оның ішінде сұраныс бойынша төлемдерді жүзеге асыру.

Сервистердің қолжетімділігі туралы ақпаратты клиентке қызмет көрсетуші банктің өзі хабарлайды.

«Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін ақша жөнелтушіге өз банкінің – ЛТЖ қатысушысының ұялы қосымшасында алушының ұялы телефон нөмірін енгізіп, аударым сомасын және алушының банкін көрсету жеткілікті. Аударылған ақша алушыға оның ЛТЖ қатысушы банктегі шотына лезде түседі. Ал, банктер өз клиенттері үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифін дербес белгілейді», делінген ведомство ақпаратында.

Қазірдің өзінде екінші деңгейлі 9 банк ЛТЖ-ға қатысу туралы келісім жасасты, оның 4-і өз клиенттеріне ЛТЖ қосып қойса, қалған 5 банк қосылу процесінде. Жаңа қызмет осы банктердің мобильді қосымшаларындағы ішкі процестердің жетілдірілуіне қарай пайда болады.

Желілік маркетинг дегенде сіздің ойыңызға не келеді?
726 адам
Халықты алдау 0%
Опық жеу 0%
Босқа уақыт өткізу 0%
Жеңіл ақша табу 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл