| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Семейде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды dauletten.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
«Ер адам кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеті қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді», - деп хабарлады сот.
Нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.