| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында құқықбұзушылықты видеоға түсіріп, оның расталуына ықпал еткен азаматтарға сыйақы төлеу тәртібі бекітілді. Ең жоғары төлем мөлшері – 43 250 теңге, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысының әкімдігі заң бұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген азаматтарды ынталандыруға арналған жаңа тәртіпті бекітті. Тиісті қаулыға 2026 жылғы 3 тамызда қол қойылып, 4 тамызда Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен.
Құжат ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, сыйақы әрбір жіберілген бейнежазба үшін автоматты түрде төленбейді. Алдымен құқықбұзушылық фактісі уәкілетті органдар тарапынан толық расталуы тиіс.
Сондай-ақ бірнеше маңызды шарт қарастырылған. Атап айтқанда:
Одан кейін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шығарылған қаулы заңды күшіне енуі керек. Бұған қоса тәртіп бұзған азамат айыппұлды толық төлеген жағдайда ғана материалдар арнайы комиссияның қарауына жіберіледі.
Комиссия барлық талаптың орындалғанын тексеріп, сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Құжатқа сәйкес, ең жоғары төлем мөлшері 43 250 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәжірибесі Астанада енгізілген болатын. Түркістан облысы осы бағыттағы тәртіпті ресми түрде бекіткен алғашқы өңірлердің бірі болып отыр.
Жаңа механизм қоғамдық тәртіпті бақылауға тұрғындарды тартуды көздейді. Алайда сарапшылар мұндай жүйенің тиімділігі құқықбұзушылықты тіркеудің ашықтығына және жалған хабарламалардың алдын алу тетіктеріне байланысты болатынын атап өтеді.