454.14
509.23
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Заң мен тәртіп: Алматыда «Құқығың өз қолыңда» конференциясы өтті
Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Алматыда «Құқығың өз қолыңда» конференциясы өтті

15.10.2026
мин
0
129

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқығың өз қолыңда» атты жылдық қорытынды конференция өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заңға құрмет қағидатын нығайтуға арналды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басымдықтарымен сабақтас. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы және азаматтық жауапкершілігін сезінуі мәселелеріне басымдық берілді.

Конференцияның негізгі мақсаты – жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қорытындылау, құқықтық ағарту бағытындағы бастамаларды талқылау және жастардың құқықтық санасын дамытуға арналған ұсыныстарды қарастыру.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының, жоғары оқу орындарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының мүшелері мен студенттер қатысты. Сонымен қатар конференцияға 10 жоғары оқу орнының студенттік командалары қатысты.

Конференцияның модераторы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының басшысы Айдар Есенбеков.

Жиын барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алудағы білім беру ұйымдары мен азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Конференция спикерлері қатарында Тұран университетінің Жоғары құқық мектебінің директоры Карлыгаш Жумабаева, қоғам қайраткері, Алматы қаласы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты Серік Есматов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Қуаналиева, Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әкежан Кеңесов, ҚазҰУ оқытушысы Қанат Әлихан және «Almaty Hub» директоры Бексұлтан Нұрақып болды.

Қатысушылар құқықтық ағарту жұмыстарын жетілдіру, жастардың құқықтық мәселелер жөніндегі хабардарлығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Талқылау барысында жастардың құқықтық білімін нығайтуға және олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған бастамаларға назар аударылды.

Конференцияның қорытынды бөлімінде республикалық студенттік омбудсмен, «Заң мен тәртіп» жобасының амбассадоры Айболат Сембиев сөз сөйледі. Сондай-ақ «Қаладағы заң» квестіне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Квест жастардың құқықтық білімін тәжірибеде қолдануға, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайларды талдауға және заң талаптарын түсінуге бағытталды. Квест пен конференция аясында қатысушы командаларды ынталандыру мақсатында жалпы сомасы 1 000 000 теңге көлемінде қаражат берілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және қауіпсіз әлеуметтік ортаны дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл