Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жылына лас ауадан 1 млн-ға жуық сәби өлі туады
Жаңалықтар

Жылына лас ауадан 1 млн-ға жуық сәби өлі туады

02.12.2022
1 мин
0
847

Қытай және АҚШ ғалымдары лас ауаның кесірінен жыл сайын 1 миллионға бала өлі туып жатыр дейді. Зерттеу қорытындысын олар Nature журналында жариялады деп хабарлады Dauletten.kz BBC хабарына сүйене отырып.

Басылымға сенсек, ғалымдар алғаш рет ауадағы микробөлшек мөлшері ұрыққа қалай әсер ететінін анықтаған.

Зерттеушілер 1998 жылдан 2016 жылға дейін төмен және орта табысты 54 елде туған 45 мың баланың дерегін тексеріп шыққан. Кейін олар бала өлі туған фактілердің 98%-ы Азия, Африка мен Латын Америкасындағы 137 елде тіркелген деген қорытындыға келді. 

Ғалымдар ауадағы PM 2,5 (адам қанына кіре алатын микробөлшек мөлшері) бен ұрықтың өлімі арасындағы байналысты ғана зерттеген. Бірақ олар осы мөлшер ана ағзасы мен ұрыққа қалай кері әсер ететінін айтпаған.

Алайда кейінгі кезде кішкентай бөлшектер ананың өкпесінен ұрықжолдасқа (плацента) қалай баратынын көрсететін бірнеше зерттеу жасалған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рекомендациясына қарар болсақ, PM 2,5 бөлшектерінің жылдық орташа көрсеткіші бір метр кубта 5 мкг-дан аспауы керек. Осы зерттеуде дерегі есепке алынған әйелдер PM 2,5 мөлшері ДДСҰ айтқан мөлшерден асып кеткен елдерде тұрады екен.

«PM 2,5 мөлшерін ұйым айтқан мөлшерге дейін төмендетсек, балалардың өлі туын азайтар едік», – дейді зерттеуге  қатысқан Пекин университетінің ғалымы Тао Юэ.

2020 жылы Unicef баяндамасында балалардың тумай жатып шетінеуін «бәрі көз жұма қарап отырған трагедия» деп атады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл