Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жауын-шашын болады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазгидромет мәліметіне сәйкес, республикамыздың тек оңтүстігінде күн ашық болады. Есесіне елдің оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жекелеген аймақтарында өрт шығу қаупі бар.
Астанада күн бұлтты, күндіз жауын жауады. Ауа температурасы +23+25°С. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°С. Күндіз желдің жылдамдығы 12 м/с, түнде 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°С. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.