Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Бурабай" ұлттық паркі Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мамандардың айтуынша, аталған шектеу келушілердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу және табиғи мұраны сақтау мақсатында енгізілген.
- Жұмбақтасқа көтерілуге қатаң тыйым салынады. Бұл — табиғатты қорғау ережелерін бұзу ғана емес, сондай-ақ өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін, — делінген ұлттық парк таратқан хабарламада.
Әкімшілік ережелерге сәйкес, белгіленген тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Ұлттық парк әкімшілігі туристер мен қонақтарды табиғатты аялауға, қабылданған ережелерді сақтауға және Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтарына құрметпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, Жұмбақтас — Бурабай көлінің жағасындағы ерекше пішінді жартастардың бірі. Көпшілік оны табиғаттың тылсым туындысы деп санайды.