Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, көші-қон мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді
Жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, көші-қон мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді

02.07.2025
1 мин
0
192
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын барысында ішкі және сыртқы көші-қон бағытындағы негізгі үрдістер талқыланды. Кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевпен қатар, ішкі істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері баяндама жасады.

Мемлекет басшысы көші-қон саясатын жүргізу барысында геосаяси жағдайларды, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін ескеру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Президент заңсыз көші-қонның алдын алу шараларын күшейту мен елдің адами капиталын дамытуға бағытталған тетіктерді жетілдірудің маңыздылығына назар аударды.

Отырыс қорытындысында үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттерін қайта саралап, көші-қонға қатысты барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл