Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
eGov Ресейге өтеді деген рас па?
Жаңалықтар

eGov Ресейге өтеді деген рас па?

30.06.2025
1 мин
0
766
Сурет: коллаж Dauletten.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев eGov жүйесінің келешегіне қатысты ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, eGov жүйесі ресейлік «Сбер» компаниясына беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

– Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн түрде қолжетімді. Сондықтан азаматтардың eGov жүйесіне қолы жетпей қалады деу – мүлде негізсіз. Бұл – халыққа мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін аса маңызды жүйе. Бұл ақпаратты кім таратқанын білмеймін, бірақ ресми түрде мәлімдеймін: eGov өз жұмысын жалғастыра береді. Оны ешқандай ресейлік компания басқара алмайды, – деді министр.

Еске сала кетейік, 2021 жылы цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясының шешімін таңдағанын хабарлаған болатын. Ол кезде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бірыңғай платформаға біріктіру көзделген еді. Ведомство мәліметінше, жобаны іске асыруға үш-бес жыл қажет болады деп жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл