Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды

02.07.2025
мин
0
242

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті. Олар 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, 22 миллион теңгесін иемденген деген күдікке ілінді. Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалып, жинақтарын "қорғау" қажет деген сылтаумен бар қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Әйел бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген, тек полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана қылмыстың құрбаны болғанын түсінген.

Тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция ескертеді! Жеке және банк деректеріңізді бөгде адамдарға жария етпеңіз. Телефон арқылы келген нұсқаулар бойынша ешқашан ақша аудармаңыз.

Есіңізде болсын — ешбір банк не полиция қызметкері сізден телефон арқылы ақша талап етпейді және құпия ақпарат жинамайды. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда бірден "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл