Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Асхат Оралов Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар

Асхат Оралов Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді

25.07.2023
2 мин
0
195
Фото: primеminister.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Dauletten.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты», – деді Асхат Оралов.

Ведомство басшысы заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.

«Бұл – құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді», – деді министр.

«Бейбіт Шүменовке осы жағдайдан кейін Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?», – деп сұрады журналист.

«Құқық қорғау орандарының жұмысынан кейін, қорытындысы шыққаннан кейін пікір білдірейік. Соттың тиісті шешімі шығады, содан кейін ғана түсінік бере аламын. Қазір біз киліге алмаймыз», – деді министр.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы елордалық сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар адамды ұрып-соқты деп айыпталған болатын. ІІМ бұзақылық жасаған адамның танымал спортшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін боксшы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да жанжалдан кейін баланың қауіпсіздігіне қатер төндірген азаматтың жауапқа тартылуын талап етті.

Кейін ІІМ боксшыны қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл жанжалға Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де үн қосты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл