| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
26 қарашада Астана қаласы мен Ақмола облысында кешке қарай көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерді сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі уақытта өңірде жаңбыр жауып, ауа температурасы нөлден жоғары болып тұр. Алайда кешке қарай күн суытып, жол бетінде мұз қату қаупі бар.
Компания жүргізушілерге қысқы дөңгелек орнатылмаған көлікпен қала сыртына шықпауға, жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ күрт тежелуден, жолақты оқыс ауыстырудан және орынсыз басып озудан аулақ болу қажет.
Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде сақ болған жөн. Бұл учаскелерде мұз қату қаупі жоғары.
Жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын тексеру ұсынылады. Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.