| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Нұр-Сұлтанда тұрғынның бірыңғай картасы қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тұрғынның бірыңғай картасы – әлеуметтік осал азаматтар үшін электронды карта жасауды көздейтін жоба. Карта автоматты түрде толтырылып, қажетті тауарлардың шығыны бақылауға алынады.
"Карта ең алдымен барлығына ыңғайлы болады, адам әрі-бері сабылып жүрмейді, ол картамен өзіне қажетті заттарды сатып ала алады. Ақшаны осы қажетті заттарға ғана жұмсайды", - деді Қолдасов брифингте.
Оның айтуынша, бұл картамен астаналықтар жақын арада ашылатын әлеуметтік дүкендер мен дәріханаларда төлем жасай алады.
Әлеуметтік картаны 2021 жылдың ақпанында енгізу жоспарланып отыр.
                                                                    
                                                                    Тағы көру