447.52
502.21
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты талап өзгерді: кімдер салық бақылауына ілінеді?
Жаңалықтар

Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты талап өзгерді: кімдер салық бақылауына ілінеді?

10.11.2026
0 мин
1
319
Сурет: ЖИ

Қазақстанда 8 қарашадан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді азаматтардың жеке банк шоттарына түсетін қаражаттың көлемімен қатар, аударым жасаған адамдардың саны да ескеріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Қаржы министрінің №718 бұйрығына сәйкес, жаңа талаптар кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банк шоттарына қолданылады.

Жаңа тәртіп бойынша азаматтың шотына қатарынан үш ай ішінде кемінде 100 түрлі адамнан ақша түсіп, аударымдардың жалпы сомасы 360 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асқан жағдайда, банк бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына мәлімет береді.

Бұған дейін мобильді аударымдарды бақылау кезінде қолданылған ақшалай шек 1 миллион 20 мың теңгені құраған. Енді бұл көрсеткіш 1 миллион 557 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қандай аударымдар салық органдарының назарына түседі?

Жаңа ережеге сәйкес, банк мәліметтерді салық органдарына жолдауы үшін үш шарт бір мезгілде орындалуы тиіс:

* Аударымдар қатарынан үш ай бойы түсуі керек;
* Ақша жіберген адамдардың саны кемінде 100 болуы қажет;
* Аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы тиіс.

Аталған талаптардың барлығы орындалған жағдайда ғана екінші деңгейлі банктер тиісті ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

Салық органдарынан хабарлама келсе, не істеу керек?

Банктерден алынған мәліметтер негізінде салық органдары бақылау шараларын үш кезең бойынша жүргізеді.

Бірінші кезеңде азаматқа ақпараттық push-хабарлама жіберіледі. Онда салық органдарының назарын аударған жағдай туралы мәлімет беріледі. Мұндай хабарламаға жауап беру міндетті емес.

Екінші кезеңде камералдық бақылау жүргізіледі. Егер азаматтың салық есептілігінде сәйкессіздіктер анықталса, оған тиісті хабарлама жолданады. Бұл жағдайда азамат салық есептілігін ұсынуы немесе анықталған сәйкессіздіктермен келіспесе, түсініктеме беруі қажет.

Үшінші кезең салықтық тексеруді қамтиды. Алайда мұндай тексеру салық органының тиісті шешімі болған жағдайда ғана тағайындалады.

55 мыңнан астам адам тіркеуге тұрған

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бірінші және екінші тоқсанның қорытындысы бойынша азаматтарға 274 318 push-хабарлама жіберілген.

Соның нәтижесінде 55 133 адам жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлға ретінде тіркелген.

Салық органдарынан хабарлама алған азаматтар тиісті кірістерін өздерінің мәртебесі мен қолданатын салық режиміне сәйкес салық есептілігінде көрсетуі қажет.

Айта кетейік, жеке шотқа аударымдардың түсуі бірден салықтық тексеру жүргізіледі дегенді білдірмейді. Банк мәліметтерінің салық органдарына берілуі үшін аударымдардың мерзімі, ақша жіберушілер саны және жалпы сомасы бойынша белгіленген үш талап қатар орындалуы керек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Бука 10.11.2026
Мемлекеттік органдарды одан да жазаласа болар еді, айлығымызды уақытынан 1 айдай кешіктіріп беріп жатыр- оларға неге шара қалданбайды екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл