Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баланы мектепке дейінгі ұйымдарға беру үшін қандай құжаттар қажет?
Маман пікірі

Баланы мектепке дейінгі ұйымдарға беру үшін қандай құжаттар қажет?

03.08.2023
1 мин
0
1089
Фото: alyans.newsmine.ru

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мақсатында биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр, деп жазады Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады.

Кезекке қою және жолдама беру электрондық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  1. Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
  2. Өтініш (Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
  3. Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  4. Баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты;
  5. № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;
  6. № 027/е нысанды анықтама;
  7. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін);

Айта кету керек, қазіргі таңда балабақшаға кезекке қою тәртібіне өзгерістер енгізілуде. Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою және қабылдаудың бірыңғай базасы құрылуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл