| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
21 наурыз күні Алматыда Наурыз мерекесіне орай түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі басталды. Іс-шара 23 наурызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көрме алаңында Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген халық шеберлері мен қолөнершілердің бұйымдары ұсынылған. Келушілер түркі халықтарының ұлттық дәстүрі, мәдениеті мен сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, тоқыма өнімінен бастап әшекейлер, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттарға дейінгі ерекше қолөнер туындысын сатып ала алады.

Қонақтарға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған: шығармашылық ұжымдар қатысқан концерт өтіп, ұлттық музыка шырқалды.

Іс-шараның мақсаты — мәдени байланысты нығайту, халық өнерін насихаттау мен Наурыз мерекесі күндері халықты бірлік пен достыққа үндеу.