| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдумға байланысты үгіт-насихат жұмыстарына қатысқан жастармен жүздесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент бүгінгі күннің тарихи маңызға ие екенін атап өтіп, ел өміріндегі маңызды науқанға белсенді араласқан жастарға алғыс айтты.
– Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент жаңа Конституцияның мазмұнына тоқталып, онда жастарға қатысты бағыттарға ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Атап айтқанда, Ата заңда волонтерлік қызмет, ғылым, инновация және жасанды интеллект секілді жаңа ұғымдардың көрініс тапқаны сөз болды.
– Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.