Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отбасы банк зейнетақы өтінімдерін қайта қабылдай бастады: енді қандай өзгеріс бар?
Жаңалықтар

Отбасы банк зейнетақы өтінімдерін қайта қабылдай бастады: енді қандай өзгеріс бар?

03.03.2026
мин
0
785

Отбасы банкте зейнетақы пайдалану тәртібі жаңарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Отбасы банк зейнетақы жинағының (БЖЗҚ) артық бөлігін пайдалануға өтінім қабылдауды қайта бастады. Алайда жаңа тәртіп бұрынғыдан өзгеше. Енді «қарызды жабу» деген жалпы ұғымның орнына «негізгі қарыз» түсінігі қолданылады.

Бұл нені білдіреді?

Ең басты өзгеріс — зейнетақы қаражаты тек ипотеканың негізгі қарызын өтеуге бағытталады.

Ал банк сыйақысы (процент), айыппұл немесе өзге төлемдер зейнетақы есебінен жабылмайды.

Яғни, процентті төлеу үшін қаражат жеке шотыңызда болуы шарт. Егер шотта қажетті сома болмаса, операция жүзеге аспайды.

Жаңа тәртіпте уақыт шектеулері де бар:

5 жұмыс күні — БЖЗҚ қаражатының Отбасы банктегі арнайы шотқа түсу мерзімі.

20 жұмыс күні — ақша түскеннен кейін оны пайдалану қажет уақыт. Осы аралықта ипотека бойынша төлем жасалмаса, қаражат қайтадан БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Сондықтан өтінім бергеннен кейін процесті созбай, барлық төлемдерді уақытында рәсімдеу маңызды.

Өтінімді қалай береміз?

Процесс бірнеше қадамнан тұрады:

enpf-otbasy.kz сайты арқылы өтінім беру

Алдымен арнайы платформада өтінім жолданып, қаражаттың банк шотына түсуі күтіледі.

Otbasy bank қосымшасында ішінара өтеуді таңдау

Қосымшадағы «Ішінара мерзімінен бұрын өтеу» бөліміне кіресіз. Жүйе автоматты түрде банк процентін жабу үшін қажет соманы көрсетеді. Бұл қаражат ағымдағы шотыңызда болуы тиіс.

Растау және жаңа төлем кестесі

Шотта жеткілікті қаражат болса, «Жалғастыру» батырмасы белсенді болады. SMS-код арқылы растаған соң, сізге жаңартылған төлем графигі ұсынылады.

Жаңа ереже зейнетақы қаражатын пайдалануды біршама нақтылап отыр: енді басымдық — негізгі қарызды азайту. Ал сыйақы төлемдерін өз қаражатыңызбен жабуға дайын болу қажет.

Некорректная ссылка на YouTube-видео.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл