Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысқан
Жаңалықтар

Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысқан

11.09.2023
1 мин
0
443

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мың адам қатысып, оның ішінде 345,7 мың адам жұмысқа, ал 181,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқанын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомстваның хабарлауынша, субсидияланатын жұмыс орындарына 163,8 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,1 мың адам, жастар практикасымен 19,3 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 108,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 326 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 12,9 мың адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 37,2 мың жұмыссыз қамтылып, оның ішінде 34,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 110,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 82,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 87,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5 317 грант берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл