Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ЭКО – ата-ана болуды армандаған жұптарға үміт сыйлайтын мүмкіндік
Жаңалықтар

ЭКО – ата-ана болуды армандаған жұптарға үміт сыйлайтын мүмкіндік

20.06.2025
мин
0
31

Ана болу – әрбір әйелдің жүрегіндегі асыл арман. Алайда бүгінде түрлі медициналық себептерге байланысты көптеген отбасы балалы болу бақытына жете алмай отыр. Мұндай жағдайда экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) – бала сүюдің ең тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылады, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.

ЭКО – табиғи жолмен бала көтере алмай жүрген ерлі-зайыптыларға арналған репродуктивті технология. Бұл әдіс әйел мен ер адамның жыныс жасушаларын зертханалық жағдайда ұрықтандырып, кейін дамыған эмбрионды әйелдің жатыр қуысына салу арқылы жүзеге асады. Бүгінде ЭКО әдісі мыңдаған отбасының арманына жол ашып, ата-ана атануына себепкер болды. Қазақстанда бұл қызметті мемлекеттік қолдау арқылы да алуға мүмкіндік бар – арнайы бағдарлама аясында квота беріледі. Жалпы, ЭКО – медицинаның озық жетістігі ғана емес, сонымен бірге өмірге деген үміттің, махаббат пен шыдамдылықтың жемісі. Балалы болуды армандаған әрбір отбасы үшін бұл – жаңа өмірдің бастамасы.

Бүгінде бедеулік мәселесі көптеген отбасылардың алдынан шығатын күрделі медициналық әрі әлеуметтік проблемаға айналды. Әсіресе, ана болуды армандайтын әйелдер үшін бұл үлкен сынақ. Алайда заманауи медицинада бұл мәселеге нақты шешім бар – экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО). Қазақстандағы ЭКО саласында танымал әрі тәжірибесі мол клиникалардың бірі – IRM Clinic.

IRM Clinic – еліміздегі алғашқы репродуктивті медицина орталықтарының бірі. 1995 жылдан бері жұмыс істейтін бұл мекеме мыңдаған отбасының ата-ана болу арманын шындыққа айналдырды. Бүгінде клиниканың Алматы, Астана және Шымкент қалаларында заманауи талаптарға сай жабдықталған филиалдары бар.

Клиникада бедеулік диагнозын анықтаудан бастап, толыққанды ЭКО бағдарламаларын жүргізуге дейінгі барлық қызмет түрі ұсынылады. Мұнда классикалық ЭКО, ИКСИ, ИМСИ, донорлық репродукция, эмбриондарды генетикалық тексеру, криоконсервация сынды жоғары технологиялы әдістер қолданылады. Сонымен қатар, пациенттерге психологиялық қолдау мен жүктілікке дайындық бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады.

IRM Clinic-тің басты артықшылықтарының бірі – жоғары білікті мамандар. Репродуктологтар, эмбриологтар, гинекологтар мен психологтардан құралған кәсіби команда әр пациентке жеке көзқараспен қарап, барынша сапалы қызмет көрсетуге тырысады.

2024 жылы IRM Clinic Астана қаласында жаңа филиалын ашып, арнайы жеңілдіктер мен акциялар ұсынды. Бұл – заманауи клиникада сапалы ем алуға мүмкіндік беретін тамаша жаңалық. Пациенттердің пікіріне сүйенсек, IRM Clinic – сенім мен үміттің мекені. Көптеген әйелдер дәрігерлердің кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтеді. 

Бүгін, 20 маусым, IRM Clinic Астана филиалына 1 жыл толып отыр. Бір жылда жүздеген әйел бұл жерден үмітін тауып, отбасылар балалы болды. Бұл – жай ғана медициналық орталық емес, бұл – аналық сезімнің, мейірім мен махаббаттың мекені.

Осы айтулы күнге орай, IRM Clinic 10 жұпқа тегін ЭКО жасатуға сертификат ойнатты. Бұл жаңалықты естіген талай ананың жүрегі елжіреп, көзіне жас келді. Өйткені бұл — олардың талай жылдан бергі тілегі, тіпті кейбірі он жылдан бері перзентке зар болып жүрген еді.

- Мен 14 жыл бойы бала сүюге талпындым, талай есік қақтым, бірақ нәтиже болмады. Өзім Жетісай қаласында балабақшада аспаз болып жұмыс істеймін, күнде кішкентай балаларды көремін, тамақ беремін, бастарынан сипаймын, бірақ өзімнің құрсағыма бір бала бітпеді. Бүгін мен IRM Clinic-тен тегін ЭКО ұтып алғанымды естігенде, өз құлағыма өзім сенбедім. Бұл мен үшін жай ғана мүмкіндік емес, бұл – өмірімнің ең бақытты сәті, — дейді жеңімпаздардың бірі, көзіне жас алған Жадыра.

IRM Clinic – бұл тек медицина жетістігі емес, бұл – үміттің, төзімнің, аналық мейірімнің символы. Репродуктология саласындағы үздік мамандар қызмет ететін бұл орталық әр әйелдің жан жарасын түсіне біледі, олардың арманына қанат бітіре біледі.

Ана болуды армандаған жүректер IRM Clinic есігінен үмітпен аттап, жүректері елжіреп, көздеріне жас алып шығады. Себебі мұнда медицинамен қатар, шынайы адамгершілік, жан жылуы бар.

Ана болуды армандаған әрбір әйел үшін IRM Clinic – шынайы үміт пен жаңа өмірге бастар жол. Егер сіз де бала сүюді армандасаңыз, бұл клиника сіздің арманыңызды жүзеге асыруға көмектеседі!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл