451.31
504.56
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы барлық мәслихаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстандағы барлық мәслихаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

12.10.2026
мин
0
86
Сурет: Ақорда

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі Мемлекет басшысының қатысуымен талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізді. Енді түпкілікті шешімді Президент қабылдайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақордада Қазақстандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өкілді органдардың жұмысы азаматтардың мүддесін қорғау мен өңірлердің дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

- Президент азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысы маңызды екенін айтты, – делінген ресми хабарламада.

Талқылауға қатысқан премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай да өз пікірлерін білдірді. Президент айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескеріп, мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтынын жеткізді.

Мәслихат депутаттарының саны қалай өзгереді?

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санын белгілеу тәртібіне түзетулер енгізген болатын.

Жаңа тәртіп бойынша, облыс халқының саны 300 мың адамға дейін болса, облыстық мәслихатта 26 депутат көзделген. Ал Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда халық саны 1,1 миллион адамға дейін болған жағдайда мәслихат депутаттарының саны 30 болып белгіленеді.

Халық саны осы межелерден асқан сайын депутаттар саны да белгіленген тәртіппен ұлғаяды.

Әзірге мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы түпкілікті шешім жарияланған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл