| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Altyn Bank (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) тұрғын үй сатып алуды жеңілдететін «Алтын ұя» жаңа ипотекалық бағдарламасының басталғанын айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа өнімнің басты ерекшелігі – баспана құнының жартысын жылдар бойы жинамай-ақ, бастапқы 20%-дық жарнамен бірден үйді рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, белгіленген пайыздық мөлшерлеме қарызды өтеудің бүкіл мерзіміне өзгеріссіз бекітіледі.
«Алтын ұяның» басты ерекшелігі неде?
«Алтын ұя» бағдарламасының механизмі дәстүрлі жинақтау жүйелерінен өзгеше. Мұнда клиентке депозит ашып, бірнеше жыл бойы ақша жинап отырудың қажеті жоқ. Жүйе былай жұмыс істейді:
1. Клиент алдымен ипотекаға өтінім беріп, банктен мақұлдау алады;
2. Тұрғын үй құнының 20%-ынан басталатын өз қаражатын кепілдік депозитіне орналастырады;
3. Банк жылжымайтын мүліктің толық құнына ипотекалық қарыз береді.
Маңыздысы – кепілдік депозитіндегі ақша клиенттің меншігінде қалады, бірақ оны ипотека мерзімі аяқталғанша пайдалануға болмайды. Осы қаражатқа жылдық 0,1% (ЖТСМ 0,1%) сыйақы есептеліп, ол мерзім соңында негізгі борышты өтеуге бағытталады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
«Алтын ұя» бағдарламасы аясында азаматтар жылжымайтын мүлік құнының 20 пайызынан басталатын соманы кепілдік депозитіне орналастыра алады. Ипотекалық қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7-ден 16 пайызға дейінгі аралықты құрайды (ЖТСМ 7,23%-дан 17,23%-ға дейін).
Банк ұсынатын қарыздың ең жоғары шекті сомасы 175 миллион теңгеге дейін жетсе, ипотеканы рәсімдеудің максималды мерзімі 15 жылды құрайды. Ал кепілдік депозитіне орналастырылған қаражатқа жылдық 0,1 пайыздық (ЖТСМ 0,1%) сыйақы есептеліп отырады. Бағдарлама шарты бойынша қарыз алушылар бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйлерді бірдей сатып алу мүмкіндігіне ие.
Altyn Bank АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Динара Арсланның айтуынша, бұл бағдарламаның басты мақсаты – азаматтардың баспаналы болу мерзімін созбай, бұл қадамды бүгін жасауға мүмкіндік беру:
- Бүгінде көптеген отбасы үшін үй сатып алудағы негізгі кедергі – қомақты қаражат жинау. «Алтын ұя» бағдарламасы бойынша 20%-дан басталатын қаражат жеткілікті. Мөлшерлеме қарыздың бүкіл мерзіміне бекітіледі, яғни шарттарды кейін өзгертудің қажеті жоқ, — деп атап өтті банк өкілі.
Сонымен қатар жаңа өнімнің қосымша мүмкіндіктері:
Қаржылық жүктемені азайту: Кепілдік депозиті механизмі ай сайынғы төлемдерді отбасылық бюджетке қолайлы етуге ықпал етеді.
Мерзімінен бұрын өтеу: Қарыз берілген күннің ертеңінен бастап-ақ берешекті ішінара немесе толықтай мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат етілген.
Үлестік құрылыс (ҮҚШ): Жақын арада банк бағдарламаға құрылыс компанияларын қосуды жоспарлап отыр. Бұл салынып жатқан нысандардан да үлестік қатысу шарты арқылы пәтер алуға жол ашады.
Базардағы нарықтық ипотеканың қолжетімділігі өзекті болып тұрған шақта Altyn Bank-тің бұл өнімі жеке баспанасын алғысы келетін азаматтарға жақсы балама болмақ.