Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кене шағып алса не істеу керек?
Маман пікірі

Кене шағып алса не істеу керек?

20.07.2023
2 мин
1
1263
baq.kz

Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады. Кене адамға  жабысады және  анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем ауыртпайды. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады.

Денсаулық сақтау миристрлігінің мәдіметінше, кене адамның денесінде 12 күнге дейін жабысып тұра алады және осы уақыт ішінде диаметрі 2 см болатын шардың мөлшеріне дейін өседі.

Кейбір жағдайларда кенелер энцефалит, кене сүзегі, кене боррелиозы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып, аллергиялық реакциялар тудыратынын есте ұстаған жөн.

Егер кене шағып алса не істеу керек?

Ең дұрысы дереу дәрігерлерге медициналық көмекке жүгіну керек.

Біріншіден, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде қалуы мүмкін. 

Екіншіден, ем-шара  кезінде кенені ұсақтауға болады. Жәндіктердің уы денеге тері арқылы да енуі мүмкін. Ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар.

Үшіншіден, егер сіз кенені өзіңіз алып тастасаңыз  оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды және оны тексеру үшін маманға бару керек.

Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Жәндіктермен байланыста болудан қалай сақтануға болады? Табиғатқа (жайылымға, егістікке және демалыс орындарына) барған кезде жәндіктердің шағуынан қорғану құралдарын (репелленттерді) өзіңізбен бірге алыңыз.

Қатты, ашық түсті киіммен жақсы киініп, дененің ашық жерлерін  (бет, мойын, қол, тобық) мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз, жабық аяқ киім киіңіз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
1 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл