469.93
541.64
5.71
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Адам өмірі ақшамен өлшенбейді»: Нұрайдың ағасы 10 млрд теңге талап етуінің себебін түсіндірді
Жаңалықтар

«Адам өмірі ақшамен өлшенбейді»: Нұрайдың ағасы 10 млрд теңге талап етуінің себебін түсіндірді

10.08.2026
мин
0
134
Сурет: stan kz

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті. Марқұмның ағасы Сұлтан мұндай соманың таңдалуы заңдық және моральдық себептерге байланысты екенін айтып, отбасының ұстанымын жария етті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтанның айтуынша, отбасының басты мақсаты – қылмыстық іс бойынша жауапкершіліктің толық көлемде қаралуына қол жеткізу.

Ол бұл талаптың екі қыры бар екенін жеткізді. Біріншісі – заңдық жағы. Сұлтанның сөзінше, азаматтық талап қылмыстық іс аясында қаралатындықтан, сотталушының материалдық міндеттемелері оның жазасын өтеу мәселелерінде ескерілетін факторлардың бірі болуы мүмкін.

Екінші мәселе – моральдық ұстаным. Отбасы үшін Нұрайдың өмірін ешқандай қаржымен бағалау мүмкін емес екенін айтқан Сұлтан, талап етілген сома адамның өмірінің құнын білдірмейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, егер сот моральдық өтемақы өндіру туралы шешім қабылдаса, алынған қаражат қайырымдылық бағыттарына жұмсалуы мүмкін. Атап айтқанда, сталкингтен зардап шеккен қыздарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болған адамдарға көмек көрсету бастамалары қарастырылып отыр.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Куәгерлер оның денесінде пышақ жарақаттары болғанын хабарлаған.

Полиция мәліметінше, күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған. Кейін жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталып, оған қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желідегі мәлімдемелерінде Нұрай мен күдіктінің шамамен бір жылдай таныс болғанын айтқан. Олардың сөзінше, осы уақыт аралығында қызға қысым көрсетіліп, аңду мен қоқан-лоқы фактілері болған.

Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Моральдық шығын көлеміне қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл